Білім

Үздік мамандар Қарағандыда бас қосып, тәжірибе алмасты

Облыстың білім басқармасы мен білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының мұрындық болуымен өңірде республикалық семинар өтті. Елдегі үздік мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарға Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Жетісу облысының оқу-әдістемелік орталықтарының өкілдері келді. Шара барысында облыстың білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова сөз алып, психологиялық қызметтерді дамыту жобаларын ортаға салды.

 

Семинар аясында мектепке дейінгі білім беру саласындағы жобалар бойынша облыстың білім беру жүйесінің жетістіктері айтылды. Сонымен қатар, келген қонақтарға оқушының жеке даму картасына мониторинг жүргізуді және электрондық толтыруды жетілдіру бойынша үздік әдістемелік тәжірибесі көрсетілді. Ауылдық және шағын жинақты мектептерге жетекшілік ету тәжірибесі де ұсынылғанын айту керек.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button