16 сәуір мен 31 мамыр аралығында қала тұрғындарының белсенді өмірлік ұстанымын, азаматтық жауапкершілігін, қоғамдық өмірге қатысуға дайындығын қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде Ә.Бөкейхан ауданының тұрғындарына «Үздік аула» байқауы өтеді.

Алғашқы үш орын үшін балалар ойын алаңдары орнатылады.
Аула қандай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
– үйді басқару нысандарының болуы (МИБ, ҚС, ЖШС, ЖК, ПИК);
– тұрғындардың абаттандыру мен көгалдандырудағы белсенділігі;
– гүлзарлардың, гүлбақтардың және күтіп ұсталған жасыл аймақтардың болуы;
– кіреберістердің үстіндегі жарықтың жұмыс істеп тұруы;
– балалар және спорт алаңдарының, дүкендердің, қоқыс салатын жәшіктердің және шағын сәулет нысандарының жай-күйі;
– кіреберістер мен жертөле үй-жайларының тазалығы.
Сұрақтармен және өтінім беру үшін 37-08-19 телефон нөміріне хабарласу қажет.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА