Бас тақырыпМедицина

Зауыттағы апат: алты науқастың жағдайы ауыр

Бүгінгі күннің ақпаратына сүйенсек, Қарағанды ​​ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен сегіз жұмысшыға медициналық көмек көрсету жалғасуда. Барлық науқас профессор Х.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасында ем қабылдауда. Қосымша медициналық көмек алу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша академик Н.Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарисов басқаратын қызметкерлері Қарағандыға келді.

Медициналық бригаданың құрамында тәжірибелі комбустиологтар мен реаниматологтар бар. Елордалық мамандар барлық медициналық көмекті көрсетеді.

– Алты науқас жансақтау бөлімінде. Екеуі комбустиология бөлімінде. Мамандар науқастарды қарап шығып, тиісті шаралар көрсетуде, – деді Профессор Х.Макажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының басшысы Берік Тулеубаев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Сурет пен видео облыстық денсаулық сақтау басқармасынан
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button