Жаңалықтар

Зауыт қуаты артады

«Kazakhmys Holding» ЖШС-мен «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының қуатын 100 пайыз қалпына келтіру жайлы шешім қабылданды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жезқазған мыс балқыту зауытының қуатын ұлғайту күкірт қышқылы цехын салу арқылы 2 кен қыздыру пешінің (КҚП) жұмысын үдетудің арқасында мүмкін болмақ.
«Аталмыш шешім «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Стратегиялық даму бағдарламасы аясында, кеніштер мен фабрикалардың әлеуетін ескере отырып жасалды. 2009 жылы қолжетімді шикізат көлемінің азаюына байланысты зауыт бір кен қыздыру пешінің жұмыс режиміне көшіп, ал, екінші балқыту агрегаты жұмысын тоқтатқан болатын. Мыс құрамды шикізат көлемінің ұлғаюын назарға ала отырып және болашақта Ақтоғай және Бозшакөл байыту фабрикаларының іске қосылатынын ескере келе, екінші кен қыздыру пешін іске қосу туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button