Бас тақырыпЖаңалықтар
Зарқын Тайшыбай «Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атанды
Қызылжардан ақжолтай хабар жетті. Арқа журналистикасының абызы, газетіміздің ардагері һәм тұрақты авторларының бірі, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайға жергілікті маслихаттың шешімімен «Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілген екен.

Саналы ғұмырын ұлт баспасөзі мен ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан даңқты жерлесімізді мәртебелі атағымен құттықтап, толайым табыстар тілейміз!
Толығырақ гезеттің сенбілік санынан оқи аласыздар.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.