Заманауи Жедел басқару орталығы Саранда пайда болды
polisia.kz -тің хабарлауынша, жаңа орталықтың бірыңғай жүйесіне 613 бейнебақылау камерасы (қоғамдық орындарда орнатылған) және 24 білім беру мекемесіндегі 307 камера қосылған. Тәулік бойы жүргізілетін бақылау полицияға құқықбұзушылықтар мен төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Саран қалалық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Арман Ахметовтың айтуынша, орталық іске қосылған уақыттан бері 10 қылмыс ашылып, 5000-нан астам құқықбұзушылық фактісі анықталған.
– Полиция қызметкерлері тәулік бойы оқу орындарында, өндіріс аймақтарында және қоғамдық орындарда жағдайды бақылап отырады. Бұл профилактикалық және жедел әрекет ету шараларының тиімділігін айтарлықтай арттырды, – деп атап өтті ол.
Оның атап өтуінше бұл Бастама «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырудың және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруда маңызды.
Аяулым СОВЕТ



