Жаңалықтар

Заманауи жабдықтармен қамтылуда

    «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1036 қаулысына сәйкес (бұдан әрі – қаулы), ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік), мүгедектерді әлеуметтік қолдауды жетілдіру мақсатында, сурдо, тифлотехникалық құралдарды заманауи көп қызметті электрондық гаджеттермен алмастырумен бірге, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін өзектендіру бойынша белгілі жұмыстар жүргізілді (бұдан әрі – Тізбе).

Бұл өзгерістер 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді оңалтудың құралдары және қызметтерімен ЖОБ-на сәйкес қамтамасыз етеді. Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) тиісті өзгертулер енгізілген соң, олар жаңа оңалтудың техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, аудандардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары тізбені, оңалтудың құралдарының санын көрсете отыра, өтініштер мен ЖОБ негізінде қажеттілікті анықтайды.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мерзімсіз, қолданыстағы ЖОБ болған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша МӘС бөліміне мүгедек адам жүгінген жағдайда, осы іс-шараларды жүзеге асыру мерзімін ескере отыра ЖОБ-на түзетулерді МӘС бөлімдерінің мамандары Тізбе аясында қарастырылған іс шараларға өзгертулер енгізіледі.

Сурдотехникалық құралдардан видеокомпьютерлер-веб камерасы бар ноутбукқа ауыстырылады, ал, телефакстар жойылады. Тифлотехникалық құралдардың тізбесінен: таяқ – тифлотаяққа ауыстырылады, компьютерлік тифлокешен – сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбукқа, диктофон – дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондарға ауыстырылады, тифломагнитолалар жойылады.

И.МЕКЕЕВА,

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің №2 медициналық-әлеуметтік

сараптама бөлімінің басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button