Заманауи өнер көрмесі өтеді
Комиссаров көшесі 35а мекенжайында орналасқан “Алтын ғасыр” көрме залында зағип суретшілер жасаған экспонаттар ұсынылатын “17 және 7” атты заманауи өнер көрмесі өтеді.
Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйінің дәстүрлі шарасы “Интеграция” жобасы аясында Қарағанды қаласының 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Жоба қазіргі заманғы өнер арқылы көру қабілеті бұзылған адамдардың ойларын, эмоцияларын және проблемаларын жеткізуге арналған.
Мәдени шараны Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі осы көрменің идеялық авторы, белгілі фотограф, режиссер Константин Павленкомен бірлесе жүзеге асырады.
Биылғы жобаға 10 әуесқой суретші қатысқан. Олардың жұмыстары сезімталдыққа, әлемге деген жаңа көзқарасқа толы.
Көрмеде фотосуреттер, картиналар, инсталляциялар және басқа да көркемдік дүниелер ұсынылады. Әр экспонат – заманауи өнер тілімен баяндалған ерекше туынды. Көрмеге қойылған жұмыстар олардың авторларының жеке тәжірибелеріне әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар көрмеге келушілерді визуалды байланыстан тыс әлемге инклюзия, қабылдау және таңдану мәселелері туралы ойлауға шақырады. Сондай-ақ, көрме аясында бейнепрезентациялар жоспарланған, онда авторлар өздерінің шығармашылық жолдары мен жұмыс жасау процестері туралы әңгімелейді. Көрменің ашылуына театрландырылған би қойылымы, интерактивті элементтері бар ерекше презентация ұсынылады.
Аталмыш көрме 17-22 қазан сағ.10:00-19:00 аралығында өтеді деп жоспарлануда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.