Спорт
Зайнутдинов – Түркияда ойнайды
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиёр Зайнутдинов ыстамбұлдық «Бешикташ» клубының қатарына қосылды. Қазақстандық футболшыны Түркия астанасындағы басты әуежайлардың бірінен жанкүйерлері арнайы күтіп алған.
– Мен өте қуаныштымын. «Бешикташ» – тарихы терең, жанкүйерлері көп клуб. Instagram парақшама «Бешикташ» жанкүйерлерінен көптеген хат келіп жатыр. Баршаңызға алғыс айтамын, – деді қазақстандық футболшы.
25 жастағы отандасымыз соңғы үш жыл бойы Мәскеулік «ЦСКА» клубында өнер көрсеткен. Онда 83 кездесу өткізіп, 7 гол, 8 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, осы клуб сапында Ресей кубогының иегері атанды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz