Жаңалықтар

Заң жүзінде талқыланды

Облыс бойынша монополияға қарсы Департамент Open Space форматында жиын өткізді. Іс-шара барысында мемлекеттік монополия субъектілерінің, мемлекеттік және жеке операторлардың қызметі заңға сәйкестігі талқыланды. 

Жиынға жергілікті атқарушы органдардың, «Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы» ЖШС, «Сарыарқа «ӘКК» АҚ, «Саранькоммунсервис» ШЖҚ КМК, Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Сараньтеплосервис» ЖШС, «Энергоуголь XXI» ЖШС, «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС, «Шахтинскводоканал» ЖШС өкілдері қатысты.

«Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы» монополияға қарсы органның келісімінің қолданылу мерзімі өткен жылы аяқталыпты. Алайда, оған қарамастан мекеменің «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қызметтің кейбір түрлерімен айналысатыны белгілі болды. Осыған байланысты Департамент құжаттарды бәсекелестікті қорғау саласындағы НҚА-ға сәйкес ретке келтіруді ұсынды.

Сондай-ақ, «Сарыарқа «ӘКК» құрылтайшысы болып табылатын «Арқа» ИБК» АҚ қызметінде сәйкессіздіктер анықталды. «Арқа» ИБК» АҚ – «меншікті мүлікті жалға алу және басқару» қызмет түрін жүзеге асырады. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу, монополияға қарсы органның келісімінсіз заңды тұлға құруда көрініс тапты.

Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша Департамент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне, «Арқа «ИБК» АҚ-ын кәсіпкерлігіне мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын шектеу жөнінде ұсыныстар дайындап жатыр.

Басқа материалдар

Back to top button