Жаңалықтар

«Заң және тәртіп» апталығы аясында қаржылық сауаттылық мәселесі көтерілді

“Орталық” өңірлік қолбасшылығында Заң мен Тәртіп апталығы аясында маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

2025 жылғы маусым айында “Орталық” өңірлік қолбасшылығында “Қаржылық сауаттылық және алаяқтықтың алдын алу” атты танымдық іс-шара өтті. Шараны Орталық гарнизонның әскери прокуратурасы ұйымдастырып, оған Қарағанды облысының Полиция департаменті мен гарнизонға қарасты барлық әскери бөлімдердің жеке құрамы белсене қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – әскери қызметшілер мен құқық қорғау саласы өкілдерінің құқықтық білімін арттыру, қаржылық алаяқтықтың түрлері, олардың алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат беру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын нығайту. Соңғы жылдары қоғамда кең тараған интернет алаяқтық, телефон арқылы жасалатын қылмыстар секілді өзекті тақырыптар тереңінен талқыланды.

Әскери прокуратура өкілдері мен полиция қызметкерлері нақты мысалдар келтіре отырып, алаяқтардың әрекет ету тәсілдері, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау шаралары және өз құқықтарыңды қорғау жолдары туралы толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында қатысушылар түрлі сұрақтар қойып, құқықтық кеңестер алды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында кері байланыс орнатылып, әскери қызметшілердің бұл мәселеге деген қызығушылығы ерекше байқалды.

Аталған іс-шара “Заң мен Тәртіп” апталығы шеңберінде ұйымдастырылып, гарнизон аумағында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, әскери ортада заңдылық пен тәртіпті сақтау деңгейін арттыруға өз үлесін қосты.

“Орталық” өңірлік қолбасшылығы мұндай маңызды кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұратынын мәлімдеді.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button