Заңсыз салынып жатқан тұрғын үйлермен жұмыс қарқынды жүруде
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Saryarqa» телеарнасына тікелей эфирге шығып, облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Жыл басында заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құжаттарына қатысты туындаған мәселелерге қатысты сұраққа жауап берді.
– Заңсыз салынған үйлердің тізімін біз сайттарға саламыз. Заңсыз салатын мердігерлер бар. Барлық құжаттарын реттеп, үлескер ретінде ақша жинайтын мердігерлер бар. Ол – заңсыз. Қазіргі таңда заңсыз салып жатқан және салынып қойған 6-7 үй бар. Салымшылар үйлердің құжатын сұрап, тексеріп алу қажет. Мердігерлер адамдардан ақша алуға құқықтары жоқ. Алдымен өз ақшаларына салу қажет, содан соң сату керек. «Қазақстан Тұрғын үй» компаниясынан кепілдік алу қажет. Заңсыз салынып жатқан тұрғын үйлермен жұмыс жасап жатырмыз. Үй алам десеңіздер облыстық мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасынан тізімін сұрап алсаңыздар болады, – деді аймақ басшысы.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz