Жаңалықтар
Заңсыз балық аулау тыйылмай тұр
Қарағанды облысы Балқаш қаласының ІІБ желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ПД-ның арнайы жасағымен бірлесіп, заңсыз балық аулау фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында арнайы рейд жүргізді.
Рейд барысында полицейлер Балқаш көлінің жағасында үрлемелі қайықтан бірдеңе түсіріп жатқан ер адамды байқайды. Қайықты тексеру кезінде 67 келі балық пен 200 метр ауды анықтап, тәркілеген. Ұсталған азамат қала маңындағы ауылдардың бірінің 55 жастағы тұрғыны болып шықты және ол тиісті құжаттарсыз балық аулаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 349 мың теңгені құрады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы «Балық ресурстарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ