АймақЖаңалықтар
Заңсыз балық аулағандар ұсталды
Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп Балқаш көлінің су айдынында тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында рейдтер өткізуде. Шара барысында қажетті рұқсат құжаттарынсыз балық аулаған екі балықшы ұсталды.

36 және 32 жастағы балықшылардан бір шақырымға жуық тыйым салынған қытай торы тәркіленді. Заңсыз ауланған балық 128 келіні құрады. Олардың әрекетінен табиғатқа 631 мың теңге шығын келтірілген.
Браконьерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қоршаған ортаны қорғау органдары болашақ ұрпақ үшін Балқаш көлінің биоалуантүрлілігін сақтауға ұмтыла отырып, аймақтағы балық аулау ережелерінің сақталуына бақылауды күшейтуді жалғастыруда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.