Жаңалықтар

Заңсыз қаруды тапсыруға үндеді

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімі заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады.

«Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктер барысында қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың қару жарақтарын, оқ-дәрілерін қылмыскерлердің ұрлауына байланысты азаматтардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруға шақырамыз. Жоғарыда аталғандар бойынша қандай да бір дерек болған жағдайда Қарағанды-Сұрыптау станциясы ЖПБ-нің 93-30-47 және 43-10-27 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады», – деп Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімі қарағандылықтарға үндеу жолдады.

Заңсыз айналымдағы қарулар, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен арнайы құрылғыларды өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың әрекеттерінде басқа қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button