Заң – қоғамның тірегі
Заң – бұл тәртіпті, әділеттілікті және тұрақтылықты қолдайтын кез-келген қоғамның негізі. Заң- құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, сондай-ақ, мемлекеттің дамуында шешуші рөл атқарады. Қазақстанда заңнамалық жүйе құқықтық реттеу құралы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам мен экономиканы нығайту үшін маңызды тірек болып табылады.
Қазақстанда Конституция – елдің негізгі заңы – әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Онда адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі принциптері, соның ішінде өмір сүру құқығы, сөз бостандығы, заң алдындағы теңдік, жеке меншікке қол сұғылмаушылық көрсетілген. Бұл нормалар әрбір азамат өзін қорғалған сезінетін құқықтық мемлекет құрудың негізі болып табылады. Қазақстандағы заңның негізгі функцияларының бірі экономиканы дамыту үшін құқықтық негіз құру болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан цифрлық технологиялар және деректерді қорғау саласындағы заңнаманы белсенді дамытуда, бұл ақпараттық технологиялардың өсуін және шетелдік нвестицияларды тартуды ынталандырады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік заңнаманы дамыту, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау, меншік құқығын қорғау және салық салуды жақсарту бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға көмектеседі.
Заңның міндеті – кәсіпкерлердің құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күресу, бизнес-ортаны жақсарту және инвесторларды тарту болып табылады. Бұл тұрғыда адал бизнесті қорғауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ сот жүйесін жетілдіруге бағыттылған заңдардың маңызы зор. Қазақстандағы заң барлық азаматтар үшін әлеуметтік әділеттілік пен заң алдындағы теңдікті қамтамасыз етуге арналған. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының стратегиясы әлеуметтік теңсіздікті төмендетуге, өмір сүру деңгейін жақсартуға және халықтың осал топтарын қорғауға бағытталған.
Заң тек нормалар жүйесі ғана емес, сонымен бірге тұрақты қоғам құрылатын негіз болып табылады. Қазақстанда заңдар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде, тиімді экономикалық және әлеуметтік орта құруда шешуші рөл атқарады. Конституцияда белгіленген құқықтық мемлекеттің қағидаттары, сондай-ақ заңнамалық базаны үнемі жаңартып отыру елдің өркендеуі мен тұрақтылығының кепілі болып табылады. Заң – бұл тәртіпті сақтап қана қоймай, мемлекеттің дамуын ынталандыратын, азаматтардың жүйеге деген сенімін нығайтатын және барлығына өзін біртұтас қоғамның бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік беретін іргетас.
Д.Е.Кукенова.