ЖаңалықтарАймақБас тақырыпҚарағанды

Заң мен тәртіп: Қарағандыда жастарға арналған құқықтық квиз өтті

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы» акциясы аясында «Жастар және заң: дұрыс таңдау — жарқын болашақ» тақырыбында интеллектуалдық квиз-ойын ұйымдастырды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Іс-шараға аудан мектептері мен колледждерінің оқушылары белсенді қатысты. Бағдарлама жастардың қатысуымен өткен әсерлі флешмобпен ашылып, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.

Квиз-ойынның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға және құқықтық тәртіп қағидаттарына құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу болды.

Интеллектуалдық сайыс барысында қатысушылар заңнама, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөніндегі білімдерін сынға салды. Түрлі сұрақтар мен тапсырмалар арқылы олар өз ойларын ортаға салып, құқықтық тақырыптарды тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы кеңінен талқыланды. «Заң және тәртіп» қағидаттарына негізделген саналы өмірлік ұстанымды қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Ұйымдастырушылар жастарды жауапкершілікке, заң талаптарын қатаң сақтауға және заңға бағынатын мінез-құлықты таңдауға шақырды.

Іс-шара белсенді әрі танымдық форматта өтіп, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті дамытуға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға өз үлесін қосты.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button