Жаңалықтар

Зағип жандарға арналған кітаптың таныстырылымы өтті

24 сәуір күні Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Парламентінің кітапханасында Парламент Мәжілісі Аппаратының Сараптама-талдау бөлімінің ақпараттық жұмыс және ғылыми-білім беру секторының қолдауымен «Құқық және заң әлемінде» атты бедерлі-нүктелі қаріпті кітаптардың тұсаукесері өтті.

Суреттер: ұйымдастырушылардан

Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Мекежанұлының құттықтау сөзімен басталған іс-шарада Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында жарыққа шыққан қазақ тіліндегі бедерлі-нүктелі қаріпті басылымдарының тұсаукесері өтіп, арнайы кітапхананың Парламент кітапханасындағы «Саусақ ұшындағы әлем» атты тифлобұрышы ашылды.

Тұсаукесерге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Гүлдана Нұрымова, Таңсәуле Серіков, Кенжеғұл Социалұлы, Парламент Мәжілісі 7 сайланымының депутаты, «Білте» қоғамдық қорының президенті, ақын Мақпал Мыса кітапхана басшысы Ғ.Нұрланов қатысып, еліміздегі Брайль жүйесіндегі арнайы баспахана жоқтығы мәселесін көтеріп, өзекті тақырыпты шешу жолдарын қарастырды.

Іс-шарада Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының тифлопедагог-оңалтушысы Владимир Александрович Высочинский арнайы тифлотехникалық құралдарға арналған шолу жасап, бөлім басшысы Р.Буланбекова «Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік-мәдени оңалту» атты баяндама ұсынып, кітапхананың оңалтып-бейімдеуде атқарған жұмыстарымен таныстырды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button