Заңдылық қатаң бақылауда
25 жыл бұрын Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен егемен Қазақстанның прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі құрылған болатын. Осыған орай, жуырда Саран қаласының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының құрылған күніне арналған мерекелік шара өтті.
Салтанатты кеш прокуратураның жұмыс күндері, әр жылдары Саран прокуратурасын басқарған, бүгінгі күні әр түрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін прокурорлар, бүгінгі күні осы қаладағы заң саласының мамандары, зейнеткерлік демалыстағылар туралы деректі фильм көрсетумен басталды.
Салтанатты шараға қатысқан Саран қаласының әкімі А.Шкарупа мен Саран қалалық мәслихатының хатшысы Р. Бекбанов қала прокуратурасының қызметкерлерін, салтанатты шараға қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Бүгінгі күні құқықтық мемлекет негіздері дәйекті түрде нығайып келе жатқан кезде прокуратура органдарының ролі мен маңызы артуда. Азаматтар мен мемлекет мүддесін тиімді және уақытылы қорғау, еліміздің құқықтық алаңының біртұтастығын қамтамасыз ету, терроризммен, қылмыспен, жемқорлықпен күрес – прокуратураның күн сайын атқаратын басты міндеті, – деді қала басшысы А.Шкарупа.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының, прокуратура органдарының 25 жылдығына орай қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін, ҚР дамуы мен қалыптасуына қосқан жеке үлесі үшін Саран қаласының прокуроры А.Жукенов, қала прокурорының орынбасары Н.Әбдішев, прокуратура прокуроры Ж.Рахимова, прокуратураның бас прокуроры М.Мусаинова, Саран қаласы бойынша құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау прокуроры Г.Имаш қала әкімінің және мәслихат хатшысының грамотасымен марапатталды.
Өзінің әріптестері мен прокуратура органының ардагерлерін атаулы күнмен Саран қаласының прокуроры А.Жукенов те құттықтады.
Прокуратура органдарының жағымды имиджін қалыптастыруға ат салысқан А.Байдуганова, А.Масютенко және И.Шефер сияқты ардагерлер де бар. Олардың әрқайсысы өздерінің бай тәжірибелерін прокурор корпусының қазіргі қызметкерлері – кейінгі буынға берді. Адал еңбек еткен және өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген Анатолий Масютенко прокуратурада қызмет еткен жылдарында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасына – 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Аталмыш медальмен марапатталған қала прокуроры Әсет Жукеновке де бұл күтпеген тосын сый болды.
Прокуратура органдарында жиырма жылдан астам еңбек еткен және 1996-2000 жылдар аралығында Саран қаласының прокуратурасын басқарған, қазір Саран қалалық сотының төрағасы Болат Имашев та әріптестерін құттықтады.
Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің концерттік бағдарламасы, «Аққу» би ансамблі және «Әуен» ансамблі кештің көркін кіргізді.
Татьяна ИОНУС.
Суретті түсірген Камила Аманова.
САРАН қаласы.