Ресми

Заң бұзушылықтар болмады

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі №81 сайлау учаскесіне де дауыс берушілер көптеп келуде. Сағат 10.00-де осы учаскеде тіркелген 2654 тұрғынның 320-сы келіп, өз таңдауын жасады.

Бұл аталған участокта 7 бақылаушы мен 4 арнайы өкіл сайлаудың әділ өтуін қадағалауда. «Жарқын болашақ» қоғамдық бірлестігінің атынан бақылаушы ретінде қатысып отырған Әсем Несіпбекова: «Таңғы жетіден бері осында бақылаушы ретінде отырмын. Учаскеде ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ. Барлығы қалыпты өтуде. Карантиндік нормаларға сай барлық талаптар сақталуда. Дәл осы уақытқа дейін санағымыз бойынша үш жүзге тарта сайлаушы дауыс берді» дейді.

Әдебиет ЖҰМАНОВ.

 

Басқа материалдар

Back to top button