Спорт

Заңғар – күміс жүлдегер

2011-2012 жылдары туған жас спортшылар арасында бокстан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына тыңғылықты дайындықпен барған Қарқаралы ауданының тумасы Заңғар Даниярұлы Марат күміс жүлдегер атанды.

Заңғар 70 килограмм салмақ басатын боксшылар арасында облыс чемпионы. Ол былтыр спорт шеберлігінен үміткер дәрежесін иеленді.

Заңғар қазір Қарағандының Ә.Молдағұлова атындағы спорт интернатында, 8 сыныпта оқып, бокс бөлімінде тәлім алуда. Ол бокстан Қазақстан құрама командасының мүшесі.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ,
ortalyq.kz
Суреттер: ұйымдастырушылардан, жүлдегерлерді марапаттау сәтінен көрініс.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button