Қарағанды

Өз тіліңді құрметте, өзгені де

  Қарағанды қаласындағы №66 мектеп-лицейде «Тіл – татулық тірегі» атты апталық аясында «Тіл мәртебесін ұлықтайық» атты 5-6 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Онда оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдерді жатқа оқып, өнер көрсетті. Сайыс оқушыларды ынталандырып, өз тілімен қоса өзге тілді де құрметтеуге, сондай-ақ, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатында өткізілді. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы ана тілі екені даусыз. Мемлекеттік тілдің күнделікті қолдану аясын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тіліне айналдыру бүгінгі күн талабы екені талассыз шындық. Елбасы айтқандай, барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақстандықтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз.

А.ДҮЙСЕКОВА,

66 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Басқа материалдар

Back to top button