Жаңалықтар

Өз таңдауын жасады

Әлихан Бөкейхан ауданы, 16 ықшам ауданы, Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепте орналасқан сайлау учаскелеріне таңмен таласа тұрғындар келіп, өз таңдауын жасады Мұнда №141, №142 сайлау учаскелері орналасқан.

Жұмыс таңғы 7:00-де басталды. №141 сайлау уаскесінде осы уақытқа дейін 315 адам, ал, №142 учаскеде 304 сайлаушы дауыс беріп үлгерді.

Жалпы, мектеп орналасқан 16 ықшам аудан тұрғындары осы 2 учаскеге бөлінген. №141 сайлау учаскесінде барлығы 5074 адам, №142 учаскеде 2400 тұрғын тіркеуде тұр. Барлығы келіп, өз таңдауын жасайды деп ойлаймыз, – дейді Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп директоры Айнұр Тұрғанбекқызы.

Жәлел ШАЛҚАР

Басқа материалдар

Back to top button