ТОКҮО 2020
Зәкір 1/8 финалда
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Зәкір САФИУЛЛИН Токио Олимпиадасындағы бірінші кездесуін жеңіспен аяқтады.
63 келі салмақта сынға түскен Сафиуллин алғашқы айналымда Перу өкілі Леодан Пезо Сабояны ұтты. Төрешілердің барлығы жеңісті бірауыздан Зәкірге берді. Есеп — 5:0.
Осылайша, Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының 1/8 айналымына жолдама алды.