Бас тақырыпМедицина

Қызылшадан екпе ғана қорғайды

Қарағанды облысында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы әлі де белең алуда. Қызылшамен тұрғындардың басым көпшілігі вакцина алмағандықтан сырқаттануда.

Сурет: vecher.kz

2023 жылдан бастап 2024 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша қызылша деген күдікпен 1341 жағдай тіркелді, оның ішінде 920 жағдай зертханалық жолмен расталған.

Жас құрылымында 14 жасқа дейінгі балалар басым (90%), олардың жартысынан көбі 5 жасқа дейінгі балалар.
Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациямен қамтудағы олқылықтарға байланысты сырқаттанушылықты тіркеу облыстың барлық аумағында байқалады.

– Вакцинацияланбаған адамдардың болуы және тұрғындар арасында белсенді көші-қон инфекцияның тез таралуына ықпал етеді. Қызылшаның жұқпалылығы өте жоғары болғандықтан, вирус ауа тамшылары арқылы жұғатындықтан және сыртқы ортада өте төзімді болуына байланысты қызылшамен ауыратын науқастармен байланыста болған кезде вакцинацияланбаған және ауырмаған адамдардың барлығы дерлік ауырады, – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанова.

Бұл аурудан қорғаудың жалғыз жолы – вакцинация. Қызылша бойынша қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазіргі уақытта облыста инфекцияның және оның асқынуларының одан әрі таралуын болдырмауға мүмкіндік беретін қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізілуде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button