Медицина

Қызылшадан қауіп бар

Елімізде қызылша ауруы асқынып тұр. 11 облыста қызылшаға күдікті жағдай тіркелген. Жеті өңірде расталып, 20 адамнан анықталған. Оның үшеуі Қарағанды облысынан.

Қызылша – қызба, интоксикация, дақты-папулярлы бөртпенің сатылы бөртпесі, энантема, конъюнктиваның және жоғары тыныс жолдарының зақымдалуымен сипатталатын қоздырғыштың ауа­тамшылы берілу механизмі бар антропонозды жіті аса жұқпалы респираторлық вирустық инфекция.

– Таралуы тез, жұқпалы індет Украина, Қызғызстан, Ресей, Тәжікстан елдерінде тарады. Жыл басынан бері аймақта 14 жасқа дейінгі үш бала ауырды. Олар бұл індетті Түркияда жұқтырған. Яғни, қызылшаға қарсы екпе алмаған. Қызылша ошағында барлық профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шара жүргізілді, оның ішінде бұрын байланыста болған адамдарға екпе жасалды. Індет шыққан ошаққа медицина қызметкерлері күнделікті бақылау жүргізді, қазіргі таңда бақылау аяқталды. Бұл пациенттер медициналық мекемеден шығарылды. Ай сайын тиісті контингентті вакцинациямен қамтуға мониторинг және талдау жүргізіледі, бұрын әртүрлі себептермен вакцинацияланбаған адамдар арасында иммундау жүйесі бойынша жұмыстар атқарылады. Сондай-ақ, профилактикалық егуден бас тартқандармен де жұмыс жүргіземіз, – дейді Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанова.

Қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы – Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген вакцинация. Балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы иммундау 12 айда және 6 жаста екі рет жүргізіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау мен ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, әлемнің әртүрлі аймағында аурудың таралу қауіпі бар. COVID-19 індеті салдарынан бұл ауруды эпидемиялық бақылау әлсіреп, вакцинациямен қамту көрсеткіші төмендеген. Қызылша ауа арқылы жұғады. Арнайы екпе алмаған адамдарға 100% қауіп төндіреді. Бастапқыда тұмауратқандай болады. Үш-төрт күнде адам денесінде бөртпе пайда болады. Індет асқынған жағдайда адам өміріне қауіп төндіреді. Мәселен, миокардит, энцефалит, соқырлық және есту қабілетінің жоғалуы. Ауыр жағдайларда мүгедектікке және өлімге әкелуі мүмкін.

Сағыныш ӘБІЛ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button