Медицина

Қызылша індеті қауіп төндіріп тұр

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі қызылша індетіне алаңдаулы. Жыл басынан бері барлығы 7 өңірде қызылшамен ауырған 20 адам анықталған. Оның 3 жағдайы Қарағанды облысында тіркелген, деп хабарлады Оrtalyq.kz  sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

– Бүгінгі таңда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметі бойынша қазір әлемнің әртүрлі аймағында қызылшаның таралу қаупі бар, өйткені COVID-19 вакцинациямен қамту көрсеткішін төмендетті. Салдарынан бұл ауруды эпидемиялық бақылау төмендеп кетті, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.

ДДҰ мәліметі бойынша 2022 жылы әлемде 155,5 мың адам қызылшаны жұқтырған. Биыл қызылша індеті Украина, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстанда тарады.

Жыл басынан бері Қарағанды облысында қызылшамен14 жасқа дейінгі үш бала ауырған. Үшеуі де бұл індетті Түркияда жұқтырған. Балалар қызылшаға қарсы екпе алмаған. Қызылша ошағында барлық профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шара жүргізілді, оның ішінде бұрын байланыста болған адамдарға екпе жасалды. Індет шыққан ошаққа медицина қызметкерлері күнделікті бақылау жүргізеді.

– Бұл пациенттер медициналық мекемеден шығарылды. Ай сайын тиісті контингентті вакцинациямен қамтуға мониторинг және талдау жүргізіледі, бұрын әртүрлі себептермен вакцинацияланбаған адамдар арасында иммундау жүйесі бойынша жұмыстар атқарылады. Сондай-ақ профилактикалық егуден бас тартқандармен де жұмыс жүргіземіз, – дейді ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, қызылша – бұл ауа арқылы жұғатын, өте жұқпалы індет. Арнайы екпе алмаған адамдар үшін 100% қауіпті. Қызылшамен ауырған адам әу баста тұмауратқандай күйде болады. Дәрігер көмегіне жүгінбейтіндер де болады.

Осы кезеңде адам денесінде 3-4 күнде бөрітпелер пайда болады. Қызылша асқынған жағдайда адам өміріне қауіп төндіреді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button