Ресми

Қызылша ауруы өршіп тұр

Аймақта қызылша ауруы өршіп түр. Маусым айының өзінде бұл дертке 9 адам шалдыққан көрінеді. Қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 4 бала ем қабылдап жатыр. Оның біреуі – 1 жасқа толмаған. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі шекара сыртынан және елдің басқа аймақтарынан келген. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

 

– Облыста жыл басынан бері 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшаның 15 жағдайы тіркелді. Ал, маусым айының өзінде бұл дертке 9 бала шалдығыпты. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі сырт мемлекетке, республиканың басқа да қалаларына демалуға барғандар. Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай тек бізді емес, күллі әлемді алаңдатып отыр. Себебі, коронавирустық пандемияға байланысты балаларға вакцинация өткізу күрт төмендеп кетті, – дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин.

Департамент басшысы пандемия кезінде балалардың жоспарлы екпе алмағанын баса айтты.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының акушерлік және балалар ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Жиембаева:

– Облыста вакцина қоры жеткілікті. Шамамен 20 мың дозасы бар. Препарат тиімді және қауіпсіз. Үндістанда жасалған Вакцина сертификатталған. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығында тексерілген. Қазақстанда қызылшаға қарсы екпе екі рет жүргізіледі. Біріншісі, нәрестенің 1-1,5 жасында, екіншісі – 6 жасында салынады. Барлық тұрғындарды балаларын вакцинациялау үшін тұрғылықты жері бойынша емханаларға жүгінуге шақырамын, – деді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button