Руханият

Қызыл кеніш

Кент тауының бауырында, Кент елді мекенінің жанында орналасқан «Қызыл кеніш» сарайын кейбір жазбаларда (ғалымдар) «Қызыл кент» деп те атайды. Жалпы Кенттің байырғы тұрғындары ол орынды «Қызыл кеніш» атаған. Аракідік «Қыз əулие» деген атауы да аталады. Ата-бабам сол маңның тумасы болғандықтан «Қызыл кенішке» құлағым жастайымнан қанық. Əкем: «бала күнімізде «Қызыл кенішке» барып ойнайтынбыз. Оның ағаштарының сыры (бояуы) қазіргі автокөліктердің крəскесі сияқты болатын, күнге шағылысатын. Екінші қабатының да ағаштарының қалдықтары болған еді», – дейді. Қалдықты бұзуға кент тұрғыны – белсенді М.С. (руы Қырғыз) деген «көп еңбек сіңірген». Сонымен қатар, сол маңдағы Жағалбайлы руынан тарайтын Желдібайдың қорасын (толық ауылын) бұзып əкеліп Кенттің басына мектеп, контор жəне шағын үйлер салынған.

«Қызыл кеніш» туралы зерттеушілер А.Левшин, Г.Броневский, Н.Коншин, Ə.Марғұлан, В.Никитин, А.Чупошников, Д.Байжұмыров еңбектер жазған. (Бастапқы зерттеулер 1825-1832 ж. жасалған). Кейін Совет заманында 1985-1987 жылдары А.Əбілов, В.Евдокимов, С.Жауымбаев, В.Варфоломеев, Е.Смаилов жəне А.Бейсеновтер зерттеу жүргізген.

Əңгіме басын Ұ.Доспанбети желісімен «Қызыл кенішке» («Қыз əулиеге») бұрайық.

…Еділ бойын жайлаған қалмақ ханы Аюкенің Сыбан-Рабтанға атас тырылған қызы Сетержап Боқты-Кент тауын қыстап шығып қонтайшы ұрғасына келген соң тоғыз айға толыңқырамай туған баласы Шұна-Доба сол қазақ жігітінікі екен деген қауесет бұрқ етеді…

Материалдың толық нұсқасын газеттің 22.06.2023 №69 (23 245) санынан оқи аласыздар.

Манарбек КƏРІМ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Басқа материалдар

Back to top button