Қызықты кездесу
Егер іс-шараның ілкімді үлгісі табылып жатса, балдырғанның жан-жақты жетілуіне балабақшаның ықпалы зор.
Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей жанындағы “Таңшуақ” шағын орталығында өткен қызықты кездесу соның бір дәлелі. Онда келер жылы мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндермен “Жолда жүру ережесін сақтаймыз!” деген тақырыпта әңгіме өткізу үшін арнайы келген кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар Г.Кәрімжанова мен С.Әбдірасылова жолда жүру ережесі туралы айтып, сұраққа жауап беріп қана қоймай, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдысын қалыптастыру қозғап, зейінді жетілдіру жөнінде сөз танымдық кездесу соңын қызықты ойынға айналдырып жіберді. Көп айтқаннан гөрі, көңілде қалатын осындай кездесу есте әлдеқайда ұзақ сақталары анық.
БАЛҚАШ қаласы.
Әлібек ӘБДІРАШ,
«Орталық Қазақстан»