Қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары түсіндірілді
Облыстық гарнизонының әскери полиция бөлімінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Лауазымды қызметкерлерден жасақталған топ әскери бөлімдердегі атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тексеріп, олармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын тексерді. Сонымен қатар, қаруды заңсыз алу және беру, заңсыз тасымалдау, дайындау мәселелері бойынша қылмыстық заңнаманың талаптары түсіндірілді.
– Мұндай шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Оқтаулы қару атылмай қоймайды. Әуелі, бірінші орында қызметкерлердің қауіпсіздігі тұрады. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бекітіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz