Жаңалықтар

Қызметі ерек орталық

Жуырда жеке кәсіпкер Елена СУТЯГИНА өзінің туған өңірі Абай қаласынан «Апельсин» отбасылық ойын-сауық орталығын ашты. Қазіргі таңда атаулы орталық қаладағы алғашқы және жалғыз мекеме болып табылады.

Соңғы он жылдықтың көлемінде Елена мектеп директоры қызметін атқарған. Жүктілікке байланысты демалысқа шыққаннан кейін де, Елена еңбек тәжірибесін жалғастырып, Абай қаласы үшін мектепке дейінгі және мектеп жасындағы бүлдіршіндерді дамыту бойынша оқыту орталығын ашқан екен. Одан кейін Отбасылық орталық ашуға бел буған кәсіпкер «Даму» қорының көмегімен «2017-2021 жылдар аралығында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы бойынша төмендетілген жылдық 6%-бен несие алған көрінеді.

Мұндай орталықтар қазіргі уақытта керек. Орталықтың ерекшелігі балаларымен қоса ата-аналар да тынығып, мерекелерді атап өтіп, тамақтануына болады. Сондай-ақ, жаңадан білім беру қарастырылған. Бағдарлама аясында маған төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен несие ұсынғаны көңілімнен шықты. Кәсібіме сенім білдіріп, қолдау көрсеткеніне алғысым шексіз, – дейді Елена Сутягина.

Айта кетейік, «2017-2021 жылдар аралығында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы бойынша 7 млрд. теңге қаржы қарастырылған.

Нұрдос КӘРІМ

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button