Жаңалықтар

Қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және бақылауды жүзеге асырады.

Сурет maqat-tynysy.kz

Бақылау шараларының бірі – қашықтықтан бақылау болып табылады.

Департаменпен жүргізілген қашықтықтан бақылау шаралары нәтижесінде қызмет алушыға «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «комиссия құрамының толық болмауына» байланысты негізсіз бас тартқаны анықталды.

Департаменттің араласуы арқасында қызмет алушыға мемлекеттік қызмет заңнама талаптарына сәйкес көрсетіліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Құрметті қызмет алушы, егер Сіздің құқығыңызды бұзу фактісі орын алса Департаментке келесі мекен-жай бойынша жүгінуге болады:              Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 39. Байланыс нөмерлері: 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері

Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінен

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button