Бас тақырыпЖаңалықтар
Қытайлық компаниялар Саранда жүк көліктерін шығаратын зауыт салмақ
Қазақстан мен Қытай компаниялары арасында Қазақстанда жүк тасымалын өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды.
– Бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды. «Саран» индустриялық аймағының базасында жүк көліктері мен коммерциялық техника шығаратын жаңа зауыт салынады. Жаңа кәсіпорынның ашылуы қосымша 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дәнекерлеу, катафорез, сырлау және шағын жинақтау үшін жаңа технологияларды аламыз. Жас инженерлер Қытайда қолданылатын жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алады, – деді бірлескен жоба жетекшісі Арғұлан Майқонов.
Бұған дейін Қазақстан мен Қытай 2,5 миллиард долларға 8 коммерциялық келісімге қол қойған болатын.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.