Спорт

Қарағандылыққа Қытайдан қола бұйырды

Қытайдың Лучжоу қаласында GAMMA халықаралық қауымдас­тығының ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты өткен болатын. Сол чемпионатқа қарағандылық Марат Сражатов ел атынан сынға түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Сурет М.Сражатовтың жеке мұрағатынан

Жерлесіміз аталған чемпионатта 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Жарыс жолында екі кездесу өткізіп, чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Жалпы, спортшы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері. Осыдан бес жыл бұрын осы спортқа қайта келіп, түрлі турнирлерге қатыса бастаған. Содан былтыр ел чемпионы атанады. Одан бөлек, Азия чемпионатына жолдама еншілеп, биыл сол бәсекеден қола жүлдеге қол жеткізіп отыр.

– Спорттың осы түріне кішкентайымнан қызығатынмын. Мақсат Қарабаев пен Ерлік Елеубеков ағаларым спортзалға апарып, спортқа баулыды. Бүгінде қос ағам – менің бапкерім. Бес жыл бұрын спортқа қайта келіп, үлкен мақсат қойдым. Бүгінде түрлі байқауларда бағымыз жанды. Жалпы, спорт төзімділікке үйретеді. Ал, аралас жекпе-жек – басқа спорт түрлерімен салыстырғанда айрықша қиындыққа ие. Бұл спортта ең бірінші орынға жылдамдық шығады. Менің құтқарушы ретіндегі қызметімде жылдамдық – басты талаптардың бірі. Сондықтан, аралас жекпе-жекпен шұғылдану тек спорттық шеберлікті дамытып қана қоймайды. Сәйкесінше, құтқарушы қызметінде де баға жетпес дағды, – деді Марат Сражатов.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button