Бас тақырып

Қыстың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Сурет baribar.kz

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, 30 қараша, 1 желтоқсанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады деп болжануда. Тек, еліміздің батысында жоғары атмосфералық қысымның аясында, айтарлықтай жауын-шашынсыз тыныш ауа-райы басым болады. Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі күтілуде.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button