Қысқы маусым басталды
«DOSTYQ FOOTBALL LIGASY» шағын футбол лигасы екінші жылдың алғашқы, яғни, қысқы маусымын бастады. Өткен жылдың күзгі маусымында жазғы маусым чемпиондары «Esengali» командасы ауыспалы кубокті «Айтыскер» құрамасына аманаттаған.
Бір жыл бұрын төрт командамен басталған әуесқойлар лигасының қысқы маусымында 16 команда бақ сынасады. Атап айтсақ, «Айтыскер», «Бауырлар», «Алаш», «Жайдарман», «Арлан», «Сәкен театры», «Жауынгер», «Е.Бөкетов университеті», «Н.Нұрмақов мектебі», «Филармония», «Дарабоз», «Жакко», «ҚАЖ», «Барбершоп», «Сарыарқа», «Жайдарман 2» командалары.
– Бұл жолы ереже де бөлек. Бірінші айналымда көп ұпай жинаған сегіз команда үлкен кубокқа, аз ұпай жинаған екінші сегіз команда кіші кубокқа таласады. Сонда тартысты әрі қызықты болады деп ойлаймын. Бастысы – достықты нығайту. Достардың санын арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау, – дейді лига президенті Аман Хамит.
Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz