Бас тақырып

Қысқа дайындық – қалыпты

Өңірде жылыту маусымына дайындық жалғасуда. Энергия көздерінде негізгі және қосалқы жабдықтары жөнделіп, көмір сатып алынуда. Жалпы, жұмыс штаттық режимде жүргізілуде.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде:

– Дайындық бойынша іс-шараларды орындалуы бүгінгі күні жоспардың 36,2%-ын құрайды. 224 жергілікті жылу көздерінің, 900 шақырымға жуық инженерлік желілердің, 418 әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандардың және 2044 көпқабатты тұрғын үйдің дайындығы қамтамасыз етілді, – деді.

Аймақ басшысы өз сөзінде әлеуметтік маңызы бар нысандардың алдағы қысқа дайындығын және электр станцияларында жөндеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін баса айтты.

– Алдағы жылыту маусымына уақтылы және сапалы дайындық – менің апта сайынғы бақылауымда қалатын басты мәселе. Бүгінде барлық қажетті құжаттар қабылданып, жауапты тұлғалар тағайындалды. Жөндеу жұмыстарының кестесін қатаң сақтау қажет. Энергетика басқармасы мен аудан әкімдеріне жылу беру маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз етуді, көмірді уақтылы сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізуді және сапаны бақылауды тапсырамын. Көмірді алдын ала дайындау қажеттілігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button