Ресми

Ырыс алды – ынтымақ

Қара алтынның Отанына Ирак Республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джабер Нажма Абдуллах әл-Темими келді. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қонақты арнайы қабылдады. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық, гуманитарлық-мәдени, инвестициялық және білім беру байланыстарын жолға қою мәселелері талқыға түсті.

Ермағанбет Қабдулаұлы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айта келе, ынтымақтастыққа ынталы екендігін айтты.

– Біз инвестиция тартуға мүдделіміз. Нақты бизнес-жобаларды қарастыруға дайынбыз. Бір кездері тауарларды Иракқа экспорттаған едік. Сол әріптестікті нығайтып, ынтымақтаса жұмыс істеуге қуана келісеміз, деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Өз кезегінде Джабер Нажма Абдуллах әл-Темими өнеркәсіп пен туризм саласындағы қатынастарды жаңаша қарқынмен дамыту бойынша ұтымды ұсыныстарын алға тартты.

Бұдан бөлек, уақытша сенімді өкіл Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне барып, іргелі оқу орнын аралап көрді.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button