Медицина

Қыркүйекте 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынады

Осы жылдың қыркүйек айында 11 жасар қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынады. Бұл туралы ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова мәлімдеді,-деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: zakon.kz

– Биылғы қыркүйекте 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салу жоспарланған.  Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация үшін адам папиллома вирусының ең онкогенді түрлерінен қорғайтын АҚШ-тың 4 валентті “Гардасил” вакцинасы қолданылады. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация онкологиялық аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының ауыртпалығын азайтады және жалпы халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға, онкологиялық аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендетуге ықпал етеді, – деді Зауре Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикер елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркелетінін жеткізді. Өкінішке қарай, жыл сайын 600-ден астам әйел осы ауру түріне қайтыс болады, деп жалғастырды ол.

– Бүгінде адам папиллома вирусын жұқтырмаудың және жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинация. 135 ел адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның тиімділігін ескере отырып, бұл вакцинаны ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді. Оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттері бар,-деді ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button