Ресми

Ынтымақтастық ырысты еселейді

Аймақта тұрмыстық техника шығарылатын болады. Ірі жоба Өзбекстан елінің компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Облыс əкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше жəне Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.

Алқалы басқосуда екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту мəселесі қаралды. Өңір басшысы Қарағанды облысының өнімдері əлемнің 54 еліне экспортталатынын айтты. Облыста сауда, құрылыс, өнеркəсіп жəне ауыл шаруашылығы салаларында өзбекстандық серіктестермен бірлескен 25 кəсіпорын жұмыс істейді.

– Өзбекстанмен екіжақты ынтымақтастықтың сəтті үлгісі – Artel Electronics тұрмыстық техника өндіретін зауыт салу. 1500 жұмыс орнын құра отырып, 21 млрд. теңгеден астам инвестиция салу жоспарлануда. Біз сіздердің елмен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты жалғас тыруға мүдделіміз. Бірлескен бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға дайынбыз, – деп атап өтті Ермағанбет Қабдулаұлы.

Былтыр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 30 пайызға өсіп, 5 млрд. АҚШ долларын құрады. Дипломаттың айтуынша, алдағы жылдары бұл соманы екі есеге арттыру міндеті қойылған.

– Біз ғасырлар бойғы дос тықты, өзара сенімді одан əрі нығайтуға бел будық. Мұнда аймақаралық байланыстың маңызы зор екенін атап өткім келеді. Бізде Қарағанды облысымен ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар бар. Өзбекстанға ірі қара мал жеткізу мүмкіндігін қарастырғымыз келеді, өйткені Қарағандының еті өте дəмді. Маусымаралық кезеңде сіздердің облыстарыңызға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайынбыз. Өз кезегінде, сіздің фермерлеріңізден картоп сатып аламыз, – деді Саидикрам Ниязходжаев.

Ол құрылыс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде, бірлескен туризмді дамытуда перспектива бар деп санайды.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
Суретт і түсірген Жангелді ƏБДІҒАЛЫМ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button