АймақБұқар жырау

Ынтымақ түбі – ырыс

Қазақстанда Наурыз мейрамы бізді ұлттық өзекке оралтып қана қоймай, ел ішіндегі ағайын мен сырттағы бауырларды байланыстырушы көпір ретінде қызмет етеді.

Сурет ұйымдастырушылардан

Бұл күн ауызбірлік, ортақ құндылықтар мен азаматтық бірегейліктің маңызын түсінуге жетелейді. Ынтымақ күні азаматтарды бейбітшілікке, келісім мен төзімділікке қолдау білдіруге үндеп, әділ және бақуатты қоғам құруда өзара сыйластықтың, ынтымақтастық пен бір-бірін қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Бұл қоғамдағы қайшылықтарды азайтуға және қоғамның әр түрлі топтары арасындағы түсіністікті арттыруға ықпал етеді.

Ендеше, Ынтымақ күні – мәдени мұрамызды қадірлеп, бір-біріміге деген құрметімізді айшықтап, әралуандығымызды артықшылыққа айналдыратын уақыт.
Доскей ауылы Мәдениет Үйінде осы тақырыпта Ұлттық бұрышта дөңгелек үстел өтті. Отырыста ауылдағы тұрып жатқан әр ұлт өкілдері арасындағы байланыс, достық, шынайы көңіл әңгіме болды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button