ҚарқаралыРухани жаңғыру

Қымызды зерттеген кім еді?

              Томск қаласы архивінен қымызға қатысты алғаш зерттеу жұмысын жүргізген жерлесіміз, қазақтың тұңғыш дәрігерлерінің бірі һәм бірегейі Әміре АЙТБАҚИН һақында деректер келіп түсті. Сөйтіп, бабалар асын ардақтап, пайдасын пайымдай білген тұлға туралы қалам тербеуді жөн санаған едік.

Кейіпкеріміз дәрігерлік мамандықты игермес бұрын Омбыдағы әскери гимназияның мұғалімі, кейін губерния хатшысы, Дала генерал-губернаторы канцеляриясының қырғыз (қазақ) тілінің тілмашы, Ақмола уезінің «тәртіпсіздік пен қиянатшылдықты тексеру үшін» белгіленген тергеу комиссиясының тілмашы, 1884 жылы Семей облыстық басқарма жанында тілмаш, Қарқаралы уезі бастығының көмекшісі, аға көмекші, 1887 жылы Семей облысы әскери губернаторының ерекше тапсырмалар кіші чиновнигі қызметтерін атқарған және колледж секретары, лауазымды кеңесші дәрежесіне ие болған. Ал, отызға қараған шағында мемлекеттік қызметті тастап, дәрігерлік мамандықты игеруге бет алады және студент атанады.

Мемлекет қызметкері – Әміренің бұл қадамына Семей әсери губернаторы Котюхов 1889 жылдың 23 қаңтарындағы бұйрығында оң баға беріп, төмендегідей баяндайды: «Младший чиновник особых поручений при Военном губернаторе коллежский секретарь Айтбакин, – стремясь к получению высшего образования, воспользовался разрешенным ему двухмесячным отпуском для того, чтобы устроить поступление свое вновь открытый Томский университет. Расставаясь с господином Айтбакиным, объявляю ему благодарность за старательное и добросовестное исполнение служебных поручений, в особенности по управлению хозяйственным отделом областного присутствия».

Томск университетінде Ә.Айтбақин жайлы жазылған «Амре Айтбакин воспитанник императорского Томского университета, первый дипломированный казахский врач» атты ғылыми еңбекте: «Продолжая службу, он имел полное право рассчитывать на постепенное улучшение своего положения и хорошего материального обеспечения в не далеком будущем. Однако, нужды своих единоплеменников и желая принести им существенную пользу, он решился оставить государственную службу, и из чиновника, занимавшего одно из видных мест в областной администрации, превращается в скромного студента. Тот факт, что молодой инородец променял административную карьеру на скромную долю студента – труженника, нельзя, разумеется, объяснить ничем иным, как проявлением благородного чувства любви и преданности к своему родному гнезду, самопожертвованием для блага родного народа» деп көрсетілген. Шындығында, келешектегі өзін күтіп тұрған қызметтік (чиновниктік), шендік өсумен қатар, материалдық жағдайының жақсаруынан бас тартып, дәрігерлікті игеруге ұмтылған тұлғаның қадамын бұдан өзгеше бағалауға негіз жоқ. Оны өз ұлтына деген шынайы сүйіспеншілігі – шағын стипендияға қараған студенттік партаға жетелеп әкелді (стипендияны Павлодар уездік басқармасы төлеп отырған).

Әскери губернатордың 1889 жылы 23 қаңтарда Томск университетінің медицина факультетіне түсуші Ә.Айтбақинге берген мінездемесінде оның 1883 жылдың 16 шілдесінен мемлекеттік қызметте жүрген кезінде тиянақты тәртібімен және мүлтіксіз адамгершілігімен көзге түскендігі, тәртіптік жаза алмағаны, тергеу мен сот бақылауына ілінбегені жазылған. Бұл мінездеме Ә.Айтбақиннің мемлекеттік қызметті тиісінше, үлгілі атқарғанын дәлелдейді (әдетте, мұндай қызметкерлерден мемлекет айырылмауға тырысады М.К.).

Орда бұзар жастағы Айтбақин жоғары курсқа көшкен соң, ғылыми жұмыспен айналысуға ден қояды. Ол туралы «На старших курсах А. Айтбакин стал заниматься научно-исследовательской работой. Заинтересовавшись лечебными свойствами хорошо знакомого ему национального напитка кумыса, он пришел в гигиеническую лабороторию, которой заведовал профессор А.Судаков» деп жазылған.

Сөйтіп, Ә.Айтбақин 1892-1893 жылдар аралығында профессор А.Судаковтың жетекшілігімен «Изменение кумыса при стерилизации и состав стерилизованного кумыса» атты ғылыми зерттеу жүргізеді (Томск, қор-296901).

Студенттің ғылыми еңбегі жайлы профессор: «Студент Айтбакин, киргиз по своему происхождению, по моему предложению, взял на себя попытку хотя бы в общих чертах выяснить этот вопрос. В 1893 году опыт приготовления стерилизованного кумыса, увенчался полным успехом: 50 бутылок доставленного Айтбакиным в Гигиенический институт Томского универстиета кумыса заключили в себе напиток вполне доброкачественный.  После сохранения этого кумыса в течение 8-9 месяцев при температуре 10-15 градусов кумыс представлял приятного кисловатого вкуса, и, по словам приглашенного Айтбакиным для экспертизы одного томского купца из татар, по свому вкусу не отличался от свежеприготовленного кумыса» деп пікір жазған. Ә.Айтбақиннің бұл еңбегіне сол кездегі университет профессорлары М.Попов және П.Буржинскийлер де жоғары баға берген екен.

Ә.Айтбақин өзінің ғылыми еңбегінің кіріспесінде қымыздың Орта Азияда ерте заманнан кең тарағанын айта келе, тарихқа жүгінеді. Венециялық Марко Полоның ХІІІ ғасырда татар елінде болып, жылқы сүтінен дайындалған «Кемаз» атты сусын ішкенін, оны «ақ виноға» теңегенін жазған. Ал, орыс тілінде «Кумыс» деп жазылғанымен, өз елінде бұл сусынды «Кымыз» деп атайтынын баса айтқан және сабаның, күбінің, піспектің қалай жасалатынына, ол ыдыстардың ысталуына, қымыздың сапырылуы ерекшелігене тоқталып, іс барысын толық суреттеп көрсеткен және мал жайылымының да сүт (саумал, қымыз) сапасына әсерін жазған.

Ә.Айтбақин ғылыми еңбегінде ерекше жайға тоқталып, «Кумыс в качестве лечебного средства, обратил на себя внимание прежде всего как средство против чахотки. Общераспрастраненное мнение, что киргизы вовсе не страдают чахоткой неверно, действительно она среди них встречается редко – это факт. Может быть на это влияет климат степи и употребление кумыса, который издавна киргизы считают целебным средством против всевозможных болезней… Годность кумыса к употреблению, киргизы определяют по вкусу…» деп көрсеткен.

Жас ғалым қымыз құрамын анықтауда Пастер, Сокслет, Вестфаль, Генер, Гейслер атаулы тәжірибелерді, аппараттарын, формулаларын, кестелерін қолданған.

Мысалы, қымыз құрамындағы ақуыз мөлшерін анықтау үшін «Konig,a» атты тәжірибені қолданған екен. Атап айтқанда, 10 грамм қымызды колбаға құйып, оған 100 грамм дистилденген су құйған. Алынған қоспаға 4-5 тамшы уксус қышқылын қосқан. Кейін 40 градусқа дейін қыздырылып, казенна мен май тұнбасы алынған. Бұдан әрі жоғарыда айтылған тәжірибелер мен аппараттарды қолданып, сүзгілеу арқылы казеин құрамын анықтаған. Жалпы ғылыми жұмыс барысында қымыз құрамында май, қант, спирт, көмір қышқылы, казеин, альбумин, гемиальбумоз, пептон атаулы элементтердің бар екенін анықтап, 4 бағаннан тұратын кес­те жасаған және балалар ауруханасында тәжірибе өткізген.

Жас ғалым өз ғылыми жұмысын тұжырымдағанда «Считаю при этом необходимым прибавить, что те предварительные опыты – два опыта, – которые я лично произвел над питанием кумысом в детской клиники профессора Бартенова показали, что стерилизованный кумыс больными-хрониками детьми, страдавшими хроническим расстроиством желудочно-кишечного аппарата, переносился совершенно удовлетворительно. К сожалению эти опыты, за недостатком стерилизованного кумыса, не могли быть произведены в более широком размере…»  деп өкінішін де білдірген екен.

Университетті ойдағыдай аяқтағаннан кейін кейіпкеріміз 1894 жылы 28 желтоқсанда Қарқаралы уезіне дәрігер болып тағайындалады. Бұдан әрі 1917 жылы 3 шілдеде Өскемен делегеттары Советі мәжілісінде атқару комитетінің мүшесі болып сайланады және Халық комиссарлар Советінің құрамына енеді. Сөйтіп, елі мен жеріне қалтқысыз қызмет ете білген ардақты азамат ақыры 1919 жылы Өскемен қаласында мәңгілік сапарға аттанды.

Өз кезегінде Қарқаралы ауданының мемлекеттік архиві ұжымы Ә.Айтбақинге қатысты тарихи құжаттарды жинақтауға қол ұшын берген Томск университетінің магистрі Татьяна Журавлеваға шексіз алғысын білдіреді.

Манарбек КӘРІМ,

аудандық мемлекеттік архив

басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button