Жаңалықтар

Ғылымды дамыту – маңызды міндет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауынан дамудың жаңа мәселелерін айқындайтынымыз анық. Бұл жолғы Жолдау аса айрықша құжатқа айналып отыр.

Әлі де болсын әлемге зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес жалғасуда. Осы орайда  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ковидке қарсы вакцинаны алғаш болып тапқан санаулы елдердің бірі екендігін тілге тиек етті.

 «Біз індетпен күресу шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ. Қазір «QazVac-қа» өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде. Елімізде вакцина қоры жеткілікті», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазіргі жаһандану дәуірінде адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптардың жаңа деңгейге көтерілуіне байланысты сапалы білім алу – қарқынды дамудың басты шартына айналатындығын қадап айтты.

– Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды міндетіміз. Бұл саладағы түйткілдердің шешімін табу үшін жылдың соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Ең алдымен, жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жолдаудағы маңызды тақырып халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталды. Ендігі біздің Президент нақтылап берген жоспарды жүзеге асыруымыз керек.

Саягүл СЫЗДЫҚОВА,

Балқаш қаласындағы №16 мектептің директоры.

Басқа материалдар

Back to top button