Ғылым жолын таңдаған
Рашит КАРЕНОВ – Қарағанды өңіріне кеңінен танымал ғалым. Аймақтың экономикасын зерделеп жүрген экономика ғылымдарының докторы, профессор. Халықаралық ақпараттық академия және халықаралық өндірісті ұйымдастыру практикасы бойынша ғалам академиясының академигі атанды.
1944 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Орта мектепті алтын медальмен бітіріп, 1967 жылы Қарағанды политехникалық институтын (ҚарПТИ) ЖОО үздік аяқтап, ол институт ректорының және академик Ә.Сағыновтың ұсынуымен Мәскеу тау-кен институтының аспирантурасына оқуға түсіп, кандидаттық диссертация қорғады.
Сөйтіп, ҚарПТИ-да оқытушылық қызметтен экономика және тау-кен жұмыстарын ұйымдастыру кафедрасының доценті, кейін экономика және машина жасауды ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі лауазымына дейінгі жолдарды өткеріп, табысты қызмет атқарды.
1991-1994 жылдар аралығында Қарағанды кешенді жер қойнауын зерттеу ғылыми-зерттеу институтының экономикалық талдау және болжау зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1994 жылдың қаңтарынан бастап академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің маркетинг кафедрасының меңгерушісі, ал, бұл кафедра екіге бөлінген соң, менеджмент кафедрасының меңгерушісі болды. Кейін Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде докторлық диссертациясын қорғады.
Жалпы, Қазақстанның экономикалық ғылым және білім корифейінің стилін нақтылық, айғақтылық, білімділікті алға тартатынын көреміз. Ал, Рашит Кареновте 1500 ғылыми және әдеби еңбек, оның ішінде 45 монография, 30 оқулық және оқу құралы, 24 аналитикалық шолу және анықтамалықтар бар. Ғалымнан көптеген экономист, менеджер және маркетологтар сабақ алды.
Профессор экономикалық ғылымның маңызды түсініктері мен жағдайына қатысты барлық жаңалықтарға қызыға қарайтын ғалым. Ол әрдайым ой үстінде. Бүгінгі таңда ғалымның жұмыстары лайықты деп есептелуі де бекер емес.
Р.Кареновтың ғылыми еңбектері Қазақстан экономикасын реформалаудың күрделі кезеңі ретінде индустриалды-инновациялық даму проблемасын зерттеуге арналған. Рашит Саттарұлы өзінің «Инновациялық менеджмент» кітабында (1997 ж.) өңдеуден бастап өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлерін өндіруге дейінгі бірқатар мәселелерді шешу инновациялық менеджменттің негізі екенін дәлелдеді. Ең алдымен мұның бәрі барлық қажетті ресурстардың тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз етумен, технология саласындағы прогрессивті шешімдерді іздеумен, тиісті мамандарды дайындау және басқарумен байланысты.
Р.Кареновтың ғылыми мұрасын зерттей отырып, авторлық оқулықтар мен оқу құралдары «Менеджмент негіздері» (1995ж.), «Кадрлық менеджмент» (1998 ж.), «Өндірістік басқару» (1996ж.), «Тәжірибе және басқару теориясы» (2001ж.), «Стратегиялық менеджмент» (2006ж.), «Технологияны басқару» (2009ж.) кітаптары менеджменттік өнімдерді шығаратын немесе қызметтің әртүрлі түрлерін ұсынатынын байқайсыз.
Тау-кен өндірісі нақты жағдайында негізгі құралдарды тау-кен ғылымының геоэкономикалық бағыты мен табиғатты тиімді басқару тұжырымдамасы, индустриалды даму және минералдық ресурстары жөніндегі зерттеулері ТМД елдерінде үлкен танымалдылыққа ие болды. Қазіргі таңда Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде менеджмент кафедрасының меңгерушісі болып табылады.
Екі рет Қарағанды облыстық кеңесі депутаты және облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. «Еңбек ардагері» медалінің және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
el.kz