Бас тақырып
Ғылым және жоғары білім министрі аймақ тұрғындарымен кездеседі
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2 тамыз сағат 16:00-де аймақ тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Ortalyq.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықпен кездесу Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтеді (Университетская көшесі, 28).
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кездесу аяқталғаннан кейін өтеді.
Жеке қабылдауға (8-7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жазылуға болады. Ғылым және жоғары білім саласы мәселелері бойынша өтініштерді r.asanova@sci.gov.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.