Ғылым мен білім – жаңа Конституцияның басым бағыттары
Елдің талқылауына ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер прогрестің басты қозғаушы күші адами капитал, білім мен инновация болып табылатын мемлекетті жаңғыртудың жаңа кезеңін білдіреді.

Қарқынды өзгерістер жағдайында тап осы ғылыми әлеует пен білімнің сапасы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін, оның технологиялық тәуелсіздігі мен дамуының тұрақтылығын айқындайды. Жаңа Конституцияда білім, ғылым, мәдениет және инновация ел дамуының өзекті бағыттары болып белгіленген. Мұның өзі Қазақстанның болашағы табиғи ресурстарға емес, адами капиталдың сапасы мен азаматтардың жетістігіне тәуелді екенін көрсетеді.
Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған міндет – уақыттың жаңа талаптарына тек қана бейімделу емес, ғылыми жетістіктер саласы мен цифрлық дәуірге сай жоғары білікті мамандар әзірлеу. Бұл университеттік оқытудың сапасын арттырып қана қоймай, жоғары оқу орындарының мемлекеттің ғылыми, технологиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ролін де күшейтеді.
1.Білім берудің конституциялық мәртебесі.
Конституция жобасы азаматтардың білім алу, соның ішінде жоғары білім алу құқығын белгілейді:
33.1-33.2 бапта бастауыш, орта және жоғары білім алуға мемлекет кепілдік беретіні, ал жоғары білім конкурстық негізде қолжетімді екені көрсетілген. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматының жоғары білім алуға конституциялық бекітілген құқығы барын анықтап, ол жеке тұлғаның дамуы үшін тең мүмкіндіктер мен әлеуметтік әділдікті нығайтады.
Негізгі заңның негізінде білім берудің мұндай мәртебесі оны қоғам дамуының мемлекеттік негізінің біріне айналдырады.
Қазірде Теміртау сияқты қуатты дамыған кен-металлургия саласы бар индустриалды қалада білім берудің тұтастай жүйесі –мектепке дейінгі және бастауыш, техникалық және кәсіптік, жоғары оқуға дейін және одан кейінгі магистратура мен докторантура қалыптасып, өз диссертациялық кеңестері жұмыс істейді және Теміртау тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының облыстық бөлімшесі ашылды. Бұдан бөлек, біздің университетіміз күміс жастағы қала тұрғындары үшін цифрлық дағдыларын дамыту мен қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған мамандандырылған курстар ұйымдастырып отыр. Мұндай сабақтастық тұрақты білім берудің экожүйесін құрып, онда әрбір жас адам өз қаласынан жырақтамай, оқытудың барлық сатысынан өтпек.
2. Университеттер ғылым мен инновацияның орталығындай.
Конституция жобасының 3 бабында мемлекет өзінің қызметінің стратегиялық бағыты ретінде адами капиталды, білім беру, ғылым мен инновацияны дамытуды мойындайтыны жазылған. Бұл университеттердің міндеті білім беру ғана емес, ғылыми зерттеулер мен технологиялық прогресс үшін алаң қызметін атқаратынын да білдіреді.
Бүгінде біздің университетіміз іргелі және қолданбалы зерттеулерді біріктіретін оннан аса жобаны жүзеге асыруда.
Жылма-жыл университеттің бірінші және екінші квартильдің халықаралық рецензияланған WoS & Scopus базасында жарияланымдар саны көбеюде. Университетке жаңа ғалымдарды тарту есебінен дәйексөз алынған ППС саны да өсуде. Біз жеке меншікке патенттер мен куәліктер де алудамыз.
3. Жоғары оқудың экономикамен интеграциялануы.
Ата заңның жаңа жобасында экономикамен байланыстар туралы тікелей еске алынғанымен, прогресті жоғары оқудың экономикамен байланысы 3 бапта жалпы стратегиялық қағидалардан қалыптасып, шығады–адами капитал, ғылым мен инновацияның басымдығы.
4. Жоғары оқудың цифрлық өзгеруі.
Цифрлық экономика жағдайында жоғары оқудың құзыреті цифрлық технологиялармен тығыз байланысты.
Конституция 21 бабында мынаған кепілдік береді: жеке мәліметтерді, жай ақпараттардың қол сұғылмауын, цифрлық коммуникацияны қорғау құқығы.
Бұл әділ құқықтық ортаны жасап, онда университеттердің цифрлық инфрақұрылымы қауіпсіз және тиімді дами алады.
Қазіргі таңда Қазақстан цифрлық дамудың нормативтік негіздерін Цифрлық кодекс пен жасанды интеллект туралы әзірленген заңды қоса алғанда белсенді қалыптастырып, ол цифрлық технологияларды қауіпсіз және тиімді қолданудың ережелерін белгілейді.
Осыған жауап ретінде біздің университетіміз елімізде бірінші рет жасанды интеллект технологиясының кафедрасын ашты. Біз алғашқылардың бірі болып Жасанды интеллект бойынша осы заманғы білім беру бағдарламаларын даярладық. Оларға іргелі теориялар ғана емес, озық технологиялармен жұмыстың практикалық дағдылары да кіреді.
Студенттер тамаша тәжірибе алып, нақты міндеттерді шешу мен жаңа цифрлық саясат және қарқынды технологиялық даму жағдайындағы жұмысқа дайын болуға оқып, үйренеді. Үкіметіміз бен Ғылым және жоғары білім беру министрлігінің жүйелі қолдауының арқасында ғылыми және кәсіби кадрларды дайындау мүмкіндігі айтарлықтай кеңейді. Студенттер жасанды интеллект пен цифрлық технологияны дамытуға бағытталған AI SANA бағдарламасына белсене қатысады. Бағдарлама шеңберінде университет студенттерін Coursera онлайн-оқыту үшін НUAWEI академиясы мен халықаралық платформа арқылы оқыту жүргізіліп, оқытушылар үшін тренингтер өткізіліп, олардың көпшілігі Astana Hub арқылы Ғылым және жоғары білім беру министрлігінің бағдарламасы бойынша жасанды интеллектіге оқыды. Университетте 6 Жасанды интеллект–агент әзірленді. Біздің командаларымыз хакатондар мен зерттеу жобаларына қатысады. Студенттер бірегей тәжірибе алып, нақты өмірге дайын болады.
5. Ақыл-ой меншігін қорғау мен инновацияларды ынталандыру.
Жаңа Конституция :
– білім берудің құрамдас бөлігі ретінде (жеке бас құқығы мен бостандықтары аясында) ақыл-ой меншігін қорғауды тікелей белгілейді.
Ақыл-ой меншігіне құқық мынаның пайда болуына ықпал етеді:
– университеттер базасындағы стартаптар;
– ғылыми қауымдастықтар;
– технологиялық инкубаторлар.
Қарағанды индустриалдық университетінде студенттердің “Жүзім сығындысын қоса отырып косметикалық бальзам алудың технологиясын әзірлеу”, “Өсімдік шикізатынан шашты бекітуге арналған құралдарды алу технологиясын әзірлеу”, “Бейне ойындарды әзірлеу жөнінде стартаптар құру”, “Фитоқосындылары бар сабын алудың технологиясын әзірлеу” және басқа көптеген стартап-жобаларды белсене әзірлеуіне қолдау көрсетіліп, бұл жұмыс жүйелі негізде жалғасуда.
6. Жоғары білім берудің адам капиталын нығайтудағы ролі.
Конституция жобасы адами капиталды өзекті ұлттық басымдыққа жатқызады.
Теміртау Tech–TTTU деп аталатын университет білім беруде де, экономикада да өсу нүктесі болады.Біз тек қана түлектерді ғана емес, металлургияны, машина жасауды, құрылыс саласын , IT–саланы, энергетиканы алға сүйрейтін адамдарды даярлаймыз. Бұл баға жетпейтін нақты құндылық.
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы :
–конституциялық деңгейде жоғары білім алу құқығын бекітеді (33 бап);
–білім беруді стратегиялық бағыт ретінде белгілейді ( 3 бап);
–білім беру және ғылыми ортаға қажет жеке және ақыл-ой құқығын қорғаудың құқықтық кепілдіктерін жасайды (21 бап және басқа да ережелер);
–заң қызметі арқылы университеттердің экономикамен интеграциялануы үшін жағдай қалыптастырады (60 бап).
Жаңа Негізгі заңға сәйкес жоғары білім Қазақстан дамуының басты тіректерінің біріне айналады–ол ХХІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық прогреске қажетті білімнің, инновацияның және адами капиталдың негізгі көзі болып табылады.
Бақыт Жәутіков,
Қарағанды индустриалдық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор
ТЕМІРТАУ



