Ресми

Ғылымға көңіл бөлсеңіз…

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көптеген салаларда жүзеге асырып жатқан реформаларының ішіндегі атап өтуге болатыны – білім саласындағы өзгерістер. Кейінгі кезде мемлекет тарапынан бұл салаға қатысты маңызды әрі сүбелі шаралардың жүзеге асырылып жатқанын байқаймыз.

Сурет: автордан

 

Мемлекет басшысының пәрменімен Ғылым және жоғары білім министрлігін дамыту арқылы еліміздегі кез келген саланың түйткілді жағдайларын шешуге мүмкіндік туды. Әлбетте, әр саланың тұрақты дамуы ғылыммен етене байланысты екені анық. Ғылымның кез келген саласы мемлекет деңгейінде жақсы дамитын болса, онда көптеген қоғамдық игі бетбұрыстар болатыны аян.

Бұл кешенді шаралар өз кезегінде экономика, әлеумет, құқық сынды іргелі бағыттарға айтарлықтай серпін берді. Осылардың ішіндегі маңыздысы – қазіргі экономикалық жағдайымыз. Себебі, бізде тауар шығару, патенттік қарым-қатынастар үдерісі әлі де байыпты реформаларды күтуде. Мысал ретінде жеңіл өнеркәсіпті алайық. Қазақстанға киім-кешек өнімдерінің 93 пайызы шетелден келеді. Бұл – факт. Қалған 7 пайызы өзіміздің өндірушілерден. Бұдан нені аңғарамыз? Мемлекет экономикасын қарқынды жолға салу үшін бірінші орында ғылыми инновация нәтижелері көрініс беретін салаларға аса мән беруіміз қажет.

Сол себепті, Қасым-Жомарт Кемелұлының пайымдауынша, әр салада ғылыми қатынастардың дамуы сүбелі көрсеткіш болмақ. Демек, мемлекет тарапынан білім мен ғылым саласына бағытталған қаражат реформаларға жәрдем тигізеді.

Ғылым мен технологияны дамытпасақ, ол болашақ бағдарының көкжиегін көмескі етеді. Қазір технология атаулысы шетелден келеді. Жақын келешекте өзіміз өнім өндіріп, өзіміз экспорттай алатын әлеуетке жету – негізі мұрат біз үшін.

Президенттің алға қойған мақсаты да – осы. Ғылымды дамыту, соның аясында жүйелі жұмыс жасау.

Руслан ТОҚАТОВ,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button