Жаңалықтар

«Құқықтық тәртіп» аясында жұртшылықпен кездесу ұйымдастырылды

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шаралар өтуде. Осыған байланысты Қарағанды қаласының теміржол вокзалының күту залында азаматтарға құқықтық және консультациялық көмек көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.

Сурет: Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінен

Оған құқықтық мемлекет қағидаттарын іске асырып жүрген бірқатар лауазымды тұлғалар қатысты. Қатысушылар арасында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Садиков, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Айдос Ещанов, Қарағанды көлік прокуратурасының прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Мақпал Әмірова, Қарағанды қаласының теміржол вокзалының бастығы Шерхан Несіпбек және қоғам белсендісі Әлімгер Қошақаев болды.

Кездесу барысында қатысушылар теміржол көлігі объектілерінде құқықтық тәртіпті сақтап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты маңызды мәселелер талқыға салынды. Осы бағытта жұртшылық тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, тыңғылықты жауаптар алынды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button