АймақСаран

Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы

Саран қаласының тұрғындары “Заң мен тәртіп” идеологемасы аясында, “Құқықтық тәртіп әліпбиі” жобасы шеңберінде “Азаматтарға арналған үкімет ” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ-ның бөлімдерін аралады.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл шара алдымен Саран қаласы әкімдігінің конференц-залында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта басталды. Онда қала әкімі аппаратының басшысы Ақылбай Нағидулда азаматтардың құқықтық сауаттылығының маңыздылығын атап өтіп, жұмыс жоспарымен таныстырды.

Жиыннан соң мемлекеттік органдардың басшылары мен қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғам белсенділері мен жастар Саран қалалық тіркеу және жер кадастры бөліміне барып, оның басшысы А.Акимова келген адамдарға жер қатынастары мен кадастры, заңды тұлғалар мен мүлікті тіркеу және тексеру жөнінде ақпарат берді.

Одан әрі шараға қатысушылар маңдай тіреген Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Ә.Төлеубекова өздерінің заманауи жөндеуден өткен ғимараттарында елге қандай қызметтер көрсетілетінін баяндады.

Бұдан кейін бәрі қалалық жер қатынастары бөлімінің жұмысымен танысып, қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде оларды қарсы алған бөлім басшысы Л.Югай өз қызмет міндеттері және тәртібі туралы хабарлама жасап, сапар соңы АХАЖ бөлімінде аяқталды.

– Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған мұндай шаралар қашанда керек, – дейді бұл жөнінде Саран қаласы прокуратурасының прокуроры, 3-сыныпты заңгер Диас Жұмақан.

Ержан ИМАШ,
САРАН

Басқа материалдар

Back to top button